Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев «Бірлік» шағын ауданында 4 отбасыға баспана кілтін табыс етті. Олар – Заречный кентінің бұрынғы тұрғындары. Жалпы, бүгінде жаңа аудандағы үйлердің құрылысы аяқталуға жақындап қалды. Жауапты мамандардың айтуынша,бұл жұмыс қыркүйек айының соңында бітеді.